Балаларды басынан ұрған: Ақтөбе облысында балабақшада тексеріс басталды

Тексеріс шаралары аяқталғанша балабақшаның екі маманы қызметінен уақытша босатылды.

Бүгiн 2026, 12:47
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:47
Бүгiн 2026, 12:47
132
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтөбе облысындағы балабақшада ата-аналардың шағымынан кейін тексеріс басталды.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Болашақ» балабақшасында орын алуы мүмкін заң бұзушылықтарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұған балалардың қауіпсіздігі мен жағдайына алаңдаған ата-аналардың шағымы себеп болды.

Өңірлік Білім басқармасының хабарлауынша, 2026 жылдың 20 сәуірінде 2023 жылы туған балалардың ата-анасынан шағым түскен. Балаларды балабақшада ұрды деген 12 ата-ана арыз жазған. Осыдан кейін мекеме әкімшілігі уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру шараларын бастады.

Істің мән-жайы анықталғанша балабақшаның екі қызметкері жұмыстан шеттетілді.

Ведомство бұл жағдайдың бақылауда екенін және жан-жақты зерттелетінін атап өтті:

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтары – біздің басты басымдығымыз. Аталған дерек бойынша жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылықтар расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң шаралар қолданылады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Білім басқармасынан.

Қорытынды шешім тексеріс аяқталғаннан кейін шығарылады.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында балабақшаға бала кеңсе пышағын алып келген.

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматыда адамдарға пышақпен ұмтылған ер адам ұсталды

Семейде студент жасөспірімді қылқындырып, видеоны чатта таратқан: Баласы үшін анасы жазаланды

Астанада пышақ кезенген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды

Наверх