Шаңғымен құздан секіру: Қазақстандық екі спортшы іріктеу кезеңінен өтті

5 Ақпан 2022, 15:15
1618
Бөлісу:
Шаңғымен құздан секіру: Қазақстандық екі спортшы іріктеу кезеңінен өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қысқы Олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды.

Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды. 

Келесі іріктеу кезең ертең, 5 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Айта кетерлігі, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы