Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 19 жастағы бойжеткенді автобус қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 30 қыркүйекте таңертең сағат 09:26 шамасында болды.
Шахтинск қаласының Абай даңғылында «Ютонг» маршруттық автобусының 52 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргізушіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелді. Мән-жайлар анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада автобус пен электрокар соқтығысып, төрт адам зардап шекті.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған