Шахтадағы апат: Мәжілісте бір минуттық үнсіздік жарияланды

8 Қараша 2021, 10:12
1997
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Мәжілісте бір минуттық үнсіздік жарияланды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте Үкімет сағатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты.

Барлығыңызға белгілі кеше Қарағанды облысында «Абай» шахтасында жарылыстан бірнеше азаматымыз (6 адам – ред.) қайтыс болды. Осы болған оқиға, әрине, бәріміздің жанымызға батады. Марқұмдардың жанұяларына, жақындарына, бауырларына қайғыра көңіл айтамыз және бір минуттық үнсіздік жариялаймын, - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Кеше Қарағанды облысы «Абай» шахтасында метан газының бөлінуінен апат болды. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 2 адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Өзгелердің жаңалығы