Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыста көшбасшы пайда болды

19 Сәуір 2023, 12:50
730
Бөлісу:
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыста көшбасшы пайда болды
Фото: kazchess.kz

Астанада шахматтан әлем чемпионы атағына таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижен 7-ші партиясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кездесуде Непомнящий ақ фигуралармен, ал Лижен қара фигуралармен ойнады. Тең басталған партия 37-ші айналымда аяқталды. Қытайлық шахматшының қателігін пайдаланған Ресей спортшысы жеңіске жетті. Осылайша Ян Непомнящий жалпы есепте 4:3 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, елордада өтіп жатқан жарыс 14 партиядан тұрады. Алайда ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын Әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады.

Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін осымен екінші рет таласып жатыр. Екі жыл бұрын ол норвегиялық Магнус Карлсенге жеңіліп қалған еді. Ал Дин Лижен чемпиондық тәж үшін бәсекеге түсіп жатқан алғашқы қытайлық шахматшы. Жарыстың жүлде қоры 2 миллион доллар, оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын 2-ші орын алған шахматшы алады.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыс басталды.

Өзгелердің жаңалығы