Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

8 Сәуір 2023, 12:11
1090
Бөлісу:
Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды
Фото: facebook.com

Дүбірлі дода 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов оқыды. Президент турнирге қатысушылар мен қонақтарды әлем чемпионатының басталуымен құттықтап, жарыстың спорт жанкүйерлері үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, әлем біріншілігін елордада өткізу елімізде шахматтың дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. 

Іс-шараның өзі жеребе тарту рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар оны жаңаша форматта өткізді, яғни шахматшылар бірінші матчта ойнайтын фигуралардың түсін арнайы робот анықтады. 1 мамырға дейін әлемнің ең үздік шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижен чемпиондық атаққа таласады. 

Турнир бағдарламасы әлем чемпионы атағы үшін матчтармен шектелмейді, 17-19 сәуірде қазақстандық шахматшылар танымал шетелдік спортшылардан жасақталған «Әлем құрамасына» қарсы рапид пен блицтен де матчтар өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы