Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл адамдары апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ істеп жатыр.
Әлеуметтік желіде ауыл адамдары ұшақ апат болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан адамдарға ыстық тамақ әзірлеп жатқан видеолар тарап жатыр.
Гүлдала ауылының тұрғындары құтқарушыларға ыстық шай мен тамақ әзірлеп жатыр, - дейді видео авторы.
Апат орнында жұмыс істеушілер ас-су ішуі үшін бірнеше шатыр тігілген. Мұнда қызмет атқарып жүрген жергілікті тұрғындар және жақын маңдағы ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері. Ұйымдастырушы Талғар аудандық әкімдігі. Құтқару комитетінің штабы да осында, - деп жазған Ержан Әбдіраман.
Алматы облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша, оқиға орнынан алыс емес жерде құтқарушыларға арнайы тамақтанатын орын жасалды. Тазарту жұмыстарына волонтерлар да қатысып жатыр. Барлығы көмек қолын созуда, - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.