ШҚО-дағы Зайсан ауданда 17 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді

16 Тамыз 2020, 12:04
3055
Бөлісу:
ШҚО-дағы Зайсан ауданда 17 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданында жаңа оқу жылында 10 мектеп қашықтықтан оқыту форматында, 17 мектеп – штаттық режимде жұмыс істейді. Тағы 10 мектепте кезекші сыныптар ашылады, деп хабарлады Altaynews.

Бұл туралы аудан әкімі Серік Зайнулдин мәлімдеді. Жалпы аудан бойынша 27 мектеп бар. Оның ішінде 17 орта мектеп, 8 негізгі орта, 2 бастауыш мектеп, 16 балабақша, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша 1 жастан 5 жасқа дейінгі барлық бала санының 92%-ын, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100% құрайды.

2020-2021 оқу жылында 6371 оқушы білім алады. Қашықтықтан оқыту форматында оқитын мектептер саны – 10 (2762 оқушы). Кезекші сыныптар ашатын мектептер саны -10 (2110 оқушы). Штаттық режимде оқитын мектептер - 17 (1499 оқушы). Мұнда қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылар 100% оқытылады. Сабақтар 2 ауысымда ұйымдастырылады, кабинеттер арасы алшақ болуды қамтамасыз етеді, сабақ уақыты мен үзіліс уақыты қысқартылады, негізгі пәндер оқытылады. Дене шынықтыру және вариативті пәндер қашықтықтан жүргізіледі. 

Санитарлық талаптарды орындау үшін санитайзерлер, тепловизорлар, кварц лампалары, маскалар, залалсыздандыру заттары, дезинфекциялық кілемшелер сатып алынуда.

Ауданда мектеп жасындағы балалары бар 4041 отбасы бар. Оның ішінде 1000 отбасына компьютер қажет. Компьютерлер білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға және аз қамтылған, көпбалалы оқушыларға беріледі. Мектептердің І тоқсанына арналған жалпыға міндетті мемлекеттік қордағы үнемделген 32 871,0 мың теңге қаржыға құны 150 мыңдық 331 компьютер алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар мектептердегі жаңа үлгідегі 685 компьютер оқушылардың уақытша пайдалануына беріледі. Сонда жиыны 1016 компьютер 1000 отбасына компьютер алу қажеттілігін толық өтейді, - дейді аудан басшысы.

Аудандағы 885 мұғалім толық жеке компьютерлермен жабдықталған. Сондай-ақ, оқу жылының 1-тоқсанында аз қамтылмаған және көпбалалы отбасы оқушылары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар үшін тамақтану ұйымдастырылмайды екен. 



Өзгелердің жаңалығы