ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті, біреуі мерт болды

6 Қыркүйек 2020, 11:53
1367
Бөлісу:
ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті, біреуі мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші 4 баланы қағып, оның біреуі ауруханаға жетпей мерт болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға кеше 5 қыркүйек сағат 18:50 шамасында Бородулихо ауданы Жаңа Шүлбі ауылында болған. Mitsubishi Chelengerе көлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші мас күйінде «айналу» маневрын жасап жатқан кезде рөлге ие бола алмай, 5, 10, 11 және 12 жасар 4 баланы қағып өткен. Балалар жолдың төңірегінде ойнап жүрген. Жол апаты салдарынан 10 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - делінген хабарламада.

Қалған балалар жүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. 

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша изоляторына қамалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы