Сергей Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

18 Шілде 2021, 02:23
1772
Бөлісу:
Сергей Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 шілдеде, жексенбіде АҚШ-та UFC Vegas 31 турнирі өтеді, онда жеңіл салмақтағы қазақстандық Сергей Морозов (16-5) екінші рет жекпе-жекке шығады.

Қазақстандықтың қарсыласы ливандық неміс файтер Халид Таха (13-3-0-1).

Олардың кездесуі кесте бойынша төртінші болып, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 06.30-да басталады.

 

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде екеуі де жеңіл салмақ шегіне жетті. Қазақстандықтың салмағы 61,235 келі, ал Таха 61,461 келі болды. 

Көрсетілімді UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады (Қазақстанда тек tvcom-нан көрсетіледі).

29 жастағы Халид Германияның Дортмунд қаласында дүниеге келген, сонда тұрады. 2012 жылдың қазанында әуесқойлар арасында дебют жасаған, ал алты айдан кейін кәсіпқойлар арасына қосылды. Таха карьерасының алғашқы кезеңінде неміс промоушендерінде өнер көрсетіп, қатарынан бәрін жеңген. 

2018 жылдың жазында Таха UFC-де дебют жасады, ол ұлыбританиялық Нэд Нариманимен (12-4) жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған. 

2019 жылдың сәуірінде ол UFC-де алғаш рет қарсыласын нокаутқа түсірді, әзірге бұл оның жалғыз жеңісі.

Ал Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2021 жылдың қаңтарында әйгілі чемпион Хабиб Нурмагомедовтың інісі, жеңілмеген ресейлік Омар Нурмагомедовке (13-0) қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан.

Өзгелердің жаңалығы