Сенбіде екі қалада ауа сапасы нашарлайды

28 Желтоқсан 2019, 06:36
2616
Бөлісу:
Сенбіде екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Қазақстанның екі қаласында ауа сапасының ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Балқаш, Тараз, Теміртау және Өскемен қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



 

Өзгелердің жаңалығы