Сенатта шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң қаралды

9 Қаңтар 2024, 19:50
494
Бөлісу:
Сенатта шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң қаралды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда экспорттық-кредиттік агенттік құру және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң талқыланды.

Заң Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы аясында қажетті құралдарды жинақтай отырып, экспортты ілгерілетудегі толыққанды институт құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Онда 2 кодекс пен 8 заңға түзетулер ұсынылып отыр.

Мысалы, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңға Агенттікті қаржылық мониторинг субъектісіне жатқызуды көздейтін түзету бар. Сонымен қатар, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңда Ұлттық даму институтының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі функциялары толықтырылады.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы