Сенатта биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасы қаралады

25 Сәуір 2022, 11:44
1327
Бөлісу:
Сенатта биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасы қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты бюросының мүшелері 2022 жылғы 28 сәуірге жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.  Құжаттардың мақсаты – биологиялық қатерлерді ерте анықтау және алдын алу, халықтың денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігінің қорғалу деңгейін арттыру болып табылады.

Бюро отырысында одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» №872 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарға қатысты мәселені де талқылады.

Бюро мүшелері сондай-ақ одан әрі пысықтау үшін бұрын Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Өзгелердің жаңалығы