Сенатта ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім талқыланды

3 Қазан 2023, 17:17
637
Бөлісу:
Сенатта ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатта ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Заңның мақсаты мемлекеттердің көші-қон саласында ақпарат алмасу туралы өзара іс-қимылы болып табылады. Атап айтқанда, құжатта тараптардың келген азаматтар, берілген визалар, келу және болу ережелерін бұзу, азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпарат алмасу көзделген.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады

Өзгелердің жаңалығы