Сенатта алаяқтардың несие рәсімдеуіне жол бермейтін заң қаралды

28 Қараша 2023, 16:15
448
Бөлісу:
Сенатта алаяқтардың несие рәсімдеуіне жол бермейтін заң қаралды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық активтерге қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық ақша табу қызметін реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталып отыр. Адамдарды алаяқтардың әрекетінен қорғау мақсатында оларға банктік қарыз мен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі.

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тетіктерді енгізу, сондай-ақ майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны қолданудан айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімін енгізу көзделеді.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы