Сенаторлар геологиялық барлауды дамыту келешегін талқылады

15 Наурыз 2024, 21:10
372
Бөлісу:
Сенаторлар геологиялық барлауды дамыту келешегін талқылады
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев көшпелі отырысты аша келіп, Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық барлауды қарқынды дамыту қажеттігін атап өткенін еске салды. Комитет осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізуді жоспарлаған болатын, сондықтан бұл көшпелі отырыс сол шараға дайындық кезеңінің бірі болып отыр.

Бүгін отырыста геологиялық барлаудың жүйелі мәселелері орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірге қаралып, жан-жақты талқыланды. Енді бизнес өкілдері тарапынан дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдарда жазылатын, сондай-ақ комитеттің одан әрі заңнамалық жұмысында ескерілетін нақты мәселелер мен ұсыныстар айтылды, - деді Сүйіндік Алдашев.

Көшпелі отырыста геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров, энергетика министрінің орынбасары Асхат Хасенов, облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов, сондай-ақ сарапшылар мен бизнес өкілдері геологиялық барлауды дамыту туралы баяндама жасады.

Депутаттар сонымен қатар «Қазмырыш» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешенінде, Үлбі металлургиялық зауытында, «Үлбі-ТВС» ЖШС-інде, сондай-ақ Өскемен арматура зауытында болды.

Өзгелердің жаңалығы