Сенаторлар геодезия және картография саласына қатысты заңды қабылдады

1 Желтоқсан 2022, 11:12
1496
Бөлісу:
Сенаторлар геодезия және картография саласына қатысты заңды қабылдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында еліміздің геодезия және картография саласын қатысты маңызды заң жобалары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Геодезия, картография және кеңістіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұсынды. 

Қолданыстағы «Геодезия және картография туралы» ҚР заңы 2002 жылы қабылданғанын атап өту қажет. 20 жылдық кезеңде геодезия және картография саласында үлкен өзгерістер болды. Цифрлық технологиялар, спутниктік жабдықтар өндіріске енгізіліп, кеңінен қолданылуда. Кеңістіктік деректердің дәлдігіне, өлшеу тиімділігіне және қолжетімділігіне деген талаптар өсті. Осыған байланысты заңды жаңа редакцияда және ілеспе заңды олқылықтар мен коллизияларды жою мақсатында қабылдау қажеттілігі туындады, - деді ведомство басшысы. 

Айтуынша, қазіргі уақытта елімізде Кеңес заманынан мұраға қалған ескірген және дәлділігі төмен, тиімділігі және прогрессивтілігі жөнінен уақыт талабына сәйкес келмейтін 1942 жылғы мемлекеттік координаттар жүйесі орнатылған. 

Депутаттар дауысқа салу нәтижесінде «Геодезия, картография және кеңістіктер туралы» заң жобасы қабылданды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бірінші оқылымда мақұлданды. Бас комитет заң жобасын екінші оқылымға әзірлейді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенатта Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы