Сенаторлар елорданы көгалдандыру мәселелерін талқылады

13 Қараша 2023, 18:18
423
Бөлісу:
Сенаторлар елорданы көгалдандыру мәселелерін талқылады
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, алдағы уақытта үкіметке жіберілетінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесті. Онда елорданың айналасын көгалдандыру және жасыл аймақ қалыптастыру мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.

Жақып Асанов өз сөзінде Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Астананы көгалдандыру ісінде мәселелер бар екенін айта келіп, жұмыс әдістерін өзгерту қажеттігіне тоқталғанын еске салды.

Бұл мәселені зерделегенде бірнеше ауқымды мәселелер байқалды. Олардың ішінде екі негізгі әрі ең өзекті мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірінші мәселе – су тапшылығы. Мамандардың пікірінше, оны шешудің ең тиімді және ұтымды әдісі – құбыр суын пайдалану. Құбырдағы суда тек табиғи су ғана емес, сонымен қатар ағын су да бар. Оны қайта өңдеуге және барынша пайдалануға болады. Екінші мәселе. Ағаш отырғызу жұмыстары бәсекелес ортаға берілді. Мемлекеттік сатып алуда кім жеңіске жетсе, сол ағаш отырғызады. Мұндағы ең маңызды өлшем – баға. Конкурстарда жеңіске жеткен компаниялар арзанға сатып алынған көшеттерді отырғызып, кетіп қалады. Олар ағаштың болашағына алаңдамайды. Бұл мәселе де маңызды, - деді Жақып Асанов

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері сенаторларға жасыл елорданың жай-күйі және осы ерекше жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы айтып берді. Ал Астана қаласы әкімдігінің басшылығы қаланы көгалдандыру саласының проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдарымен бөлісті.

Кездесуге Парламент Сенатының депутаттары, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және Астана қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.

Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, алдағы уақытта үкіметке жіберілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы