Сенатор Жетісу облысындағы әлеуметтік инфрақұрылымдармен танысты

1 Тамыз 2022, 21:41
1039
Бөлісу:
Сенатор Жетісу облысындағы әлеуметтік инфрақұрылымдармен танысты

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жұмыс сапары барысында Жетісу облысында болды, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Сенатор Жоламан кентіндегі өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын «Қызылшоқы» ЖШС кешеннің қызметімен және заманауи цифрлық технологияларды пайдалану нәтижелерімен танысты. Серіктестікте өсірілетін дәнді дақылдар тұқымдық жүгері, жаздық арпа және қант қызылшасы жаңа заманауи су үнемдеу технологиясы бойынша суарылады. Кәсіпорын суармалы 305 га жерден 10 500 тонна қант қызылшасын өндіруді жоспарлап отыр.

Ақылбек Күрішбаев сонымен қатар цемент өндіретін «Аласем» ЖШС кәсіпорнында да болды. Жылына 1,2 млн тонна цемент өндіре алатын зауытты 2020 жылы Alacem Қазақстан-Сингапур компаниясы іске қосқан болатын, - делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Депутат Сарыөзек және Шоқан елді мекендеріндегі әлеуметтік инфрақұрылымдармен, халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарларымен де танысты. Ол сондай-ақ «Шоқан және К» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, жергілікті фермерлермен кездесті және егін жинау жұмыстарына дайындықты талқылады.

Өзгелердің жаңалығы