Сенатор археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды

23 Мамыр 2024, 11:43
125
Бөлісу:
Сенатор археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды
Фото: скрин

Сенатор Алтынбек Нұхұлы археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы өзінің депутаттық сауалында Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқан археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды.

Парламентшінің айтуынша, биыл қазақстандық археологияның негізін қалаушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және еңбек сіңірген ғылым қайраткері Кемел Ақышевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Ол 55 жыл бұрын бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздігінің символына айналған «Алтын адамды» тапқан болатын. Кемел Ақышев көп жылдар бойы Орталық Қазақстандағы археологиялық нысандарға зерттеу жүргізді. 1940 жылдары ол Беғазы және Сангру секілді қола дәуіріндегі қорымдарды зерттеуге қатысты.

Кемел Ақышев – Жетісу, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларының бас жетекшісі болып, көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін ашып, зерттеді. Жалпы көлемі 600-ден аса археологиялық ескерткіш тауып, «Қазақстанның археологиялық картасын» жасап шықты. Бұл карта қазіргі кезде де өте өзекті, сұранысқа ие, бірегей анықтамалық болып табылады. Ол Есіл өзенінің бойынан жұмбақ қаланы тауып, ежелгі қалаға Бозоқ деген атау берді, - деді Алтынбек Нұхұлы.

Сенатор Бозоқтағы Ұлттық саябаққа, сондай-ақ Алматы, Астана, Павлодар және Алматы облыстарындағы көшелер мен мектептерге Кемел Ақышевтің есімін беруді, сондай-ақ сол жерлерде мұражайлар ашуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы