Сенатор Ақтөбе облысындағы ардагерлер ұйымдарының қызметімен танысты

5 Тамыз 2022, 18:06
1028
Бөлісу:
Сенатор  Ақтөбе облысындағы ардагерлер ұйымдарының қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовпен кездесіп, өңірдегі ардагерлер ұйымдарының жұмысымен танысты, деп хабарлады BAQ.KZ.

 Кездесу барысында сенаторға 90 мыңнан астам ардагерді біріктіретін ұйымның жаңа бастамалары, сондай-ақ облыстағы ардагерлердің өмірі мен өтіп жатқан қайырымдылық шаралары туралы айтылды.

Бауыржан Қаниев сондай-ақ Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығымен кездесіп, мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. 

Жүздесу кезінде Мемлекет басшысының елдегі білім беру сапасын одан әрі жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен және техникалық мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Өзгелердің жаңалығы