Сенат жұмысшылардың құқығын қорғайтын заңды мақұлдады

2 Ақпан 2023, 14:59
887
Бөлісу:
Сенат жұмысшылардың құқығын қорғайтын заңды мақұлдады
Фото: Сенат баспасөз қызметінен

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында сенаторлар жұмысшылардың құқықтарын қорғауға қатысты жаңа заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарап, қабылдады. 

Мемлекет басшысы еңбек дауларына қатысты құқықтық қатынастарды қосымша реттеу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Соған сәйкес әзірленген бұл заң осы саладағы отандық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жалпы, дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану – құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы заң арқылы жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі қайта қаралады. Сондай-ақ келісу және татуластыру комиссиясының мәртебесі күшейе түседі. Алдағы уақытта жаңа нормалар жұмысшылардың құқықтарын қосымша қорғауға және еңбек дауларын азайтуға ықпал етеді деп сенеміз, – деді Сенат төрағасы.

Айта кетерлігі, бұл құжат еңбек дауларын реттеу және келіссөздер процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша елдің заңнамасын жетілдіру үшін әзірленді. Жаңа түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға, жиналыстар немесе ескерту ереуілдері өткізілуі мүмкін жағдайларға және басқа да тиісті жайттарға қатысты мәселелерді қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы