Сенат цифрлық технологияларды реттейтін заңды қабылдады

11 Маусым 2020, 15:08
1383
Бөлісу:
Сенат цифрлық технологияларды реттейтін заңды қабылдады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырсында "Цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы" Заң қабылданды.

Отырыс барысында баяндама жасаған ҚР Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес әзірленгенін айтты. 
Елбасының бастамасымен "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама 2 жыл ішінде елімізді цифрландырудың драйверіне айналды. Осыған орай, заң жобасы цифрландыру процесін одан әрі дамытуға үлкен серпін береді. Заң жобасы, ең алдымен, цифрлық технологияларды дамытуға, және оларды қолданумен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған, - деді министр
Сонымен қатар ол азаматтардың дербес деректерін қорғау мемлекет парызы екенін айтты. Цифрлық технологияларды енгізу азаматтардың дербес деректерін қорғауды талап ететін көрінеді. 
Ол үшін дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды анықтау ұсынылады. Одан басқа, осы саладағы "Ерікті киберсақтандыру" қызметі енгізіледі. Одан бөлек қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық бейнемониторинг жүйесінің ережелерін регламенттеу ұсынылады. Бұл жүйені құру бүгінгі күні "ақылды қалалар" жобасын іске асыру шеңберінде тиімділікті көрсетіп отыр. Республиканың барлық аумағында бейнемониторинг жүйесін енгізу құқық бұзушылықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді, - деді Жұмағалиев.

Өзгелердің жаңалығы