Сенат цифрландыру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

28 Маусым 2022, 11:15
1571
Бөлісу:
Сенат цифрландыру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды таныстырды. 

Заң жобасында Мемлекет басшысының биылғы бастамашалық еткен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылты бойынша заңнамалық шешімдер ұсынылған. Заң жобасы мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, электрондық құжаттарды қолдану аясын кеңейту және деректерді басқару жүйесін институционалдандыру мақсатында әзірленді, - деді Мусин. 

Сенат комитетінен Әділбеков заң жобасы 9 кодексті қоса алғанда, 60 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтінін айтты.

Заң жобасының міндеттері: цифрлық трасформациялау және реинжиниринг арқылы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру; деректерді басқару саласында уәкілетті органды кіргізу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін оңайлату; цифрлық құжаттар сервисін қолдану аясын кеңейту, электрондық құжаттардың олардың қағаздағы нұсқаларымен тең дәрежелелігі; жер қойнауын пайдалану құқықтарын бөлу бойынша аукциондарды электрондық форматқа көшіру; алқабилер тізімін қалыптастыру процесін автоматтандыру; ауыл тұрғындарының көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін кеңейту, - деді ол. 

Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады, - деді ол. 

Осылайша, заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Өзгелердің жаңалығы