Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

13 Қараша 2023, 12:15
534
Бөлісу:
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда депутаттар 16 қараша күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл заң тиісті саладағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті реттеуге арналған.

Заң нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бірқатар құжатты қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште жинауға, өңдеуге тыйым салу белгіленеді.

Сонымен қатар Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Өзгелердің жаңалығы