Сенат әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасын қабылдады

18 Маусым 2020, 13:56
2254
Бөлісу:
Сенат әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы мен әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Әділет министрі Марат Бекетаев кодекстің жобасы бірнеше мақсатты көздейтінін айтты. 
Азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекіту. Жоғары тұрған орган мен сотта билік органмен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу. Осыған орай, кодекс жобасы екі бөліктен тұрады. Ол – әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот үрдісін жүргізу, - деді министр. 

Бекетаев айтқандай, билік өкілеттігін тек мемлекеттік органдар ғана емес, өзге де тұлғалар жүзеге асыратынын ескере отырып, әкімшілік орган ұғымын бекіту ұсынылады. 
Билік субъектілері тарапынан ықтимал теріс пайдаланушылықтан жеке тұлғаларды қорғауға арналған жаңа қағидаттар енгізілуде. Билік органдарының басқарушы шешімдерін қабылдау кезінде азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ететін рәсімдік кепілдіктер бекітіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы