Сенат ҚХР мен Қазақстан арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін заңды қабылдады

4 Маусым 2020, 10:52
1417
Бөлісу:
Сенат ҚХР мен Қазақстан арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі мақұлдаған "Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылады.

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев келісімнің ережелері бойынша ақпарат алмасудың негізгі кезеңдері мен тараптардың өзара іс-қимыл тетігі және мәліметтер көлемінің талаптарын регламенттеді. 

Жеке тұлғалардың және пайдаланылмаған тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық және транзиттік декларациялары бойынша өзара деректермен алмасу көзделген. Ақпарат алмасу еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық ақпараттық жүйесі мен ҚХР-ның уәкілетті органдарының ұлттық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде жүзеге асырылады, - деді министр. 
Министрдің айтуынша, келісім күшіне енген күннен бастап, 18 айдан кешікпей  мәліметтің құрылымы мен форматын, сондай-ақ, ақпарат алудың техникалық шарттарын анықтайтын жекелеген хаттамалар қабылданады. 

Аталған хаттамалар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚРХ-ның бас кеден басқармасы арасында жасалады. Одан әрі ратификациялауды қажет етпейді. 

Келісім бойынша ақпарат алмасу кезеңдік операцияларды жүргізуді жеделдетуге, алынған мәліметтерді, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында көзделген. Кезеңдік бақылаудан жалтару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді, - деді министр.  
Сонымен қатар, Ерулан Жамаубаев қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  екі тараптың кедендік аумақтарына ықтимал қауіпті, өткізуге тыйым салынған және шектелген тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді айзайту көзделіп отырғанын жеткізді. 
Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді, - деді министр 

Өз кезегінде Талғат Мұсабаев ҚХР Қазақстаның негізгі сауда серіктесінің бірі екенін айтып, бірнеше сұрақ қойды. 

Қытайға Қазақстанның жалпы тауар айналымының 6,1 бөлігі, яғни 15 пайызы келеді. Сөз жоқ, қарастырылып отырған ақпарат алмасу келісімі ЕАЭО мен ҚХР-ның сауда –саттығының кедендік статистика  деректерінің алшақтығын азайтуға мүмкіндік береді. Осы орайда қазіргі уақытта аталған интеграциялық жүйенің техникалық дайындығы қандай деңгейде? Жүзеге асырудың бастапқы және кейінгі кезеңдерінде ҚХР-мен қандай өнім түрлері  бойынша ақпарат алмасу жүзеге асырылады? Осы бойынша қандай жоспарлар бар?, - деп сұрады ол. 
Депутаттың сұрағына жауап берген министр келісім ақпараттық жүйеге бағытталғанын айтты.
Қазақстанның ақпараттық жүйесі толығымен дайын. "Астана -1" деген кедендік жүйе былтыр өнеркәсіптік деңгейде іске қосылды. ЕАЭО көлеміне келетін болсақ, одақ комитетінде интеграцияланған ақпарат жүйесі бар. Бұл жүйеге "Астана -1" ақпарат беріп отырады. Тәуекелі жоғары тауарлардың құрамына аяқ-киім, ойыншықтар мен қымбат бұйымдар кіреді. Келісім іске қосылған соң, тауарлардың аясын тараптармен ақылдаса отырып, кеңейтетін боламыз. Біздің басты мақсат - контрабанданы болдырмау, бюджетке көп ақша түсіру және ақпараттың барынша толық алмасуын қамтамасыз ету болып табылады, - деді министр. 
Отырысқа қатысып отырған 47 депутат заң жобасын қабылдауға оң дауыс берді.
Өзгелердің жаңалығы