Сенат Иранмен өзара құқықтық көмек туралы заңды мақұлдады

18 Маусым 2020, 16:58
1279
Бөлісу:
Сенат Иранмен өзара құқықтық көмек туралы заңды мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысында "Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заңы мақұлданды.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық мәселелер бойынша екі жақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады, - деді әділет министрі Марат Бекетаев.

Келісім екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына, жеке және мүліктік құқықтарын қорғау, сотқа және басқа да құзыретті органдарына жүгіну, тегін заң көмегін пайдалану және сот шығындарын азайту құқығын береді.

Заң жобасы барлық қажетті және міндетті процедуралардан өтті, соның ішінде ашық НҚА порталында талқылаудан өтті.

Өзгелердің жаңалығы