Семейдегі Абай театрынан өрт шықты

20 Тамыз 2020, 00:33
1288
Бөлісу:
Семейдегі Абай театрынан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі Абай театрынан өрт шықты. Бұл туралы Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖ басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.

Жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Тілсіз жау сағат 09: 36-да сөндірілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан шыққан екінші өрт оқиғасы.

Өзгелердің жаңалығы