Семейде шомылып жүрген 10 жасар бала қайтыс болды

1 Шілде 2020, 04:41
1456
Бөлісу:
Семейде шомылып жүрген 10 жасар бала қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей аумағында Ертіс өзеніне шомылып жүрген 10 жасар бала белгісіз жағдайда қаза болды, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті.

Қайғылы оқиға 29 маусымда болған.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, 10 жастағы ұл бала әжесімен бірге суға шомылуға барыпты. Біраз уақыттан кейін әжесі немересін судан ес-түссіз күйде тауып алып, жағаға шығарған. Баланы дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізгенімен, оны аман алып қалуға үлгермеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы