Семей орманындағы өрт қалай сөндіріліп жатыр

25 Сәуір 2020, 04:31
1293
Бөлісу:
Семей орманындағы өрт қалай сөндіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ЭМТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің facebook парақшасында Семей орманы қорығының аумағында болып жатқан өрттің қазіргі жағдайы туралы айтты.

2020 жылғы 24 сәуірде сағат 07:40 уақыты бойынша өрттің болжамды аумағы шамамен 2000 гектарды құрайды. Өрт орманды жаппай жайлаған-жайламағанын қалың түтінге байланысты анықтау мүмкін болмай тұр. Өртті сөндіруге 88 техника мен 293 адам жұмылдырылды. Өрт болған жерде "Қазәуеорманкүзеті" РГКП-нің МИ-2 және МИ-8 екі тікұшағы таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде, – деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Оның айтуынша, сағат 07:30-да Ми-26Т тікұшағы Көкшетау қаласынан "Казәуеарманкүзеті" мемлекеттік кәсіпорнының қатысуымен ұшырылды.

Семейдің орман алқабындағы өрт тікұшақтан жоғарыдан осылай көрінеді.


Өзгелердің жаңалығы