Семей мен Көкшетаудағы өртті сөндіруге қатысқан ұшқыштар марапатталды

19 Шілде 2023, 12:58
469
Бөлісу:
Семей мен Көкшетаудағы өртті сөндіруге қатысқан ұшқыштар марапатталды

ТЖ министрінің бұйрығымен «Семей орманы» табиғи резерватында және «Көкшетау» табиғи паркінде өртті сөндіруге қатысқан авиаторлар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 8-14 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен Абай облысындағы батпай орманшылығының «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабындағы табиғи өртті жою кезінде өз міндеттерін адал атқарғаны үшін әуе кемесінің командирі Станислав Юзликеев, бортмеханик Игорь Пак және В2 авиатехнигі Асхат Әбілов «Тотенше жағдайлардың алда және жоюда үздік шырқаны үшін» медалімен марапатталды.

ҚР ТЖМ алғыс хатымен: ресейлік тікұшақтар учаскесінің ұшу бөлімшесінің басшысы Акрамжан Итахунов, жүргізуші-жанармай құю операторы Сергей Шахтарин, ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы Мұрат Жандорбинов, аға ұшқыш-нұсқаушы Ербол Абаев, ресейлік тікұшақтар учаскесінің ұшу бөлімшесінің штурманы Асқар Төлеужанов марапатталды.

2023 жылғы 23 маусымда орын алған «Көкшетау» ұлттық табиғи паркіндегі өртті жою кезінде көрсеткен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен аға ұшқыш-нұсқаушы Ербол Абаев, екінші ұшқыш Бауыржан Шаликов, бортмеханик Ерғазы Сабдиров, АТЖ инженері мақсат Баякенов және Сәкен Бекжанов марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы