Сел қаупі бар учаскелерге комиссиялық тексеру жүргізілді

26 Шілде 2023, 14:09
856
Бөлісу:
Сел қаупі бар учаскелерге комиссиялық тексеру жүргізілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 шілдеде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ АТЭТО мамандарымен және ЖАО-мен бірлесіп Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының аумағындағы сел қаупі бар учаскелерге комиссиялық тексеру жүргізді.

Тесеру барысында Есік көліндегі гидротехникалық құрылыстар кешені қаралды, онда көлдегі ГТС су қабылдағыштарын шөгінділерден, бөренелерден және ағаш тамырларынан тазарту бойынша ұсыныстар берілді.

Талғар өзеніндегі сел қоймасы мен туннельдің кіреберісін шөгінділерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Судың жиналуы байқалмайды. Сел қаупі бар өзендердің арналары, олардың өткізу қабілеті зерттелді. Талғар өзенінің бойындағы жағдай тұрақты, - делінген ақпаратта.

Алматы облысы ТЖД таулардағы жағдай туралы БАҚ хабарламаларын үнемі қадағалап отыруды, сел қаупі болған жағдайда таулы беткейлерден мүмкіндігінше алыс жүруді еске салды.

Өзгелердің жаңалығы