Сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы жалған видео таралуда

10 Қаңтар 2021, 09:48
1567
Бөлісу:
Сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы жалған видео таралуда
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook-те сайлау учаскесінде бақылау камерасымен түсірілген бейнежазба жарияланды. Stopfake.kz сайты видеоның Мәскеуде түсірілген анықтады.

Онда бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Пост авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай. Шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген.


Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.


Кейіннен мәскеулік Раменка ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram-дағы каналында хабарлады.

Демек, видеода көрсетілген бұзушылықтар Қазақстанда болған деген ақпарат – фейк. Бұл жазбаның қазақстандық сайлауға ешқандай қатысы жоқ.


Өзгелердің жаңалығы