Сайлау-2021: Кәрім Мәсімов дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 10:23
1452
Бөлісу:
Сайлау-2021: Кәрім Мәсімов дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов елордадағы №111 учаскеде дауыс берді.

Аталмыш сайлау учаскесі Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.

Айта кетейік, бүгін ел бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтуде. Осы уақытқа дейін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин,  ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Президент аппаратының басшысы Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев, белгілі спортшы Ольга Рыпакова мен Жазира Жаппарқұл дауыс беріп үлгерді.

Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясы алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов сайлау учаскелеріндегі коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтып, дауыс беруге бала ертіп келуге тыйым салынатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы