Сайлау: Қырымбек Көшербаев өз таңдауын жасады

10 Қаңтар 2021, 09:27
1506
Бөлісу:
Сайлау: Қырымбек Көшербаев өз таңдауын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді.

Қырымбек Елеуұлы өз таңдауын елордадағы №126 сайлау учаскесінде жасады. Бұл сайлау учаскесі Мақсұт Нәрікбаев атындағы №79 мектеп-лицейде орналасқан.

Бүгін еліміз үшін айрықшы сәт деп ойлаймын. Халқымыздың ең асыл мұраты – Тәуелсіздікті нығайту жолында мақсатымыз, сондай-ақ өскелең ұрпақ алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Соны есінде ұстай тұра халқымыз бұрыннан танбай келе жатқан өзінің парасаттылығын, ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. Сол жауапкершіліктің деңгейінде боламыз. Әлемде әртүрлі жағдай орын алып, қоғамды жік-жікке бөлген әрқилы оқиғалар болып жатыр. Осы сайлау – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, Тәуелсіздік жолында ең ізгі қасиеттерімізді көрсетеді деген ойдамын, - деді Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлық шығарған болатын. Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

фото авторы Аян Өрібаев 

Өзгелердің жаңалығы