Сайлау-2021: Бауыржан Байбек дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 13:32
1568
Бөлісу:
Сайлау-2021: Бауыржан Байбек дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс бердім, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сонымен қатар осы уақытқа дейін Премьер-министр Асқар Мамин,  ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент аппаратының басшысы Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, белгілі спортшы Ольга Рыпакова мен Жазира Жаппарқұл өз таңдауын жасады.
Өзгелердің жаңалығы