Сайланған әкімдердің 52 пайызы жаңадан келген - Балаева

26 Сәуір 2023, 11:20
1324
Бөлісу:
Сайланған әкімдердің 52 пайызы жаңадан келген - Балаева
Фото: Артём Чурсинов

Жергілікті әкімдер халық алдында жауапкершілік жүгін сезінді. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Саяси жүйені реформалау аясында өткізілген сайлау қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп отыр. 2021 жылдан бастап елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді. 2021-2022 жыл аралығында сайлаушылар тікелей 1,3 мыңнан астам әкімді сайлады. 2023-2024 жылдары ауылдық округтерде де осындай сайлау өткізу жоспарлануда. Мұның нәтижесінде әкімдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі арта түсті. Бүгіннің өзінде-ақ сайланған ауылдық әкімшілік басшылары өз таңдауының дұрыс болғанын жерлестеріне көрсетіп, дәлелдеп отыр, – деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында.

Сайланған әкімдердің 52 пайызы жаңадан келген - Балаева

Балаеваның айтуынша, сайланған ауыл әкімдерінің 52 пайыздан астамы жаңадан келгендер.

Олардың көбі мемлекеттік қызметте істемеген. Олар сайлауға өз ауылдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін өздерінің нақты бағдарламаларымен келді, қазір бұл бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Аида Балаева еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық екенін айтты.

Сайланған әкімдердің 52 пайызы жаңадан келген - Балаева
Өзгелердің жаңалығы