Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық - Балаева

26 Сәуір 2023, 10:48
1190
Бөлісу:
Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық - Балаева
Фото: Артём Чурсинов

Ең бастысы ел бірлігі сынға түскен маңызды кезеңнен абыроймен өте алдық. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге мәлім, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының екінші күні өтеді. Еліміз үшін саяси маңызы зор осы іс-шараның алдында күн тәртібімен танысып ақылдасу үшін өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмыз, – деді Аида Балаева Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында.

Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық - Балаева

Балаеваның айтуынша, былтыр Ассамблея отырысында жаңа форматтағы панельдік секциялар жұмысы басталды. Бұл үдеріс биыл да дәстүрлі сабақтастықпен жалғасып отыр.

Бүгінгі жиынға ҚХА-ның мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ассамблея жастары, Кәсіпкерлер қауымдастығы, ғылыми-сараптамалық топтар және басқа да сала өкілдері қатысып отыр. Сіздердің қызметтеріңіз қоғамның көз алдында. Бәрімізде қоғамның мүддесіне, халық игілігі жолында еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға үлес қосып келесіздер. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы еліміз үшін үлкен саяси өзгерістер жылы болды. Оның нәтижесінде мемлекеттік басқару құрылымын толығымен жаңғыртты. Бұл іс-шаралардың бәрінде Ассамблея жанындағы институттар түгелдей белсенді қатысты. Осы арқылы әрқайсысы еліміздің жаңғыруына өз үлесін қосты. Ең бастысы ел бірлігі сынға түскен маңызды кезеңнен абыроймен өте алдық. Ішкі тұрақтылық жолындағы мызғымас бірлігімізді көрсеттік. Біздің мақсатымыз біреу - ол мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау. Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық, ал оны қастерлеп сақтау азаматтық парыз, – деді Аида Ғалымқызы.

Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық - Балаева
Өзгелердің жаңалығы