Саяжайлардың өртке қарсы жай-күйі алаңдатады – ТЖД

10 Тамыз 2023, 11:40
500
Бөлісу:
Саяжайлардың өртке қарсы жай-күйі алаңдатады – ТЖД
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жатақханалар мен коммерциялық қызметке өз бетінше түрлендірілген тұрғын үйлердің, қысқы кезеңде тұруға бейімделмеген саяжай үйлерінің өртке қарсы жай-күйі ерекше алаңдаушылық туғызады. Онда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері ескерілмейді, барлық жерде өрттің туындауына нақты себеп болатын уақытша сызбада салынған электр сымдары пайдаланылады, – деді ол.

Сонымен қатар Отарғалымұлы үй-жайларды әрлеу үшін жанғыш материалдар пайдаланылатынын, олардың жануы қауіпті улы жану өнімдерінің бөлінуімен қатар жүретінін атап өтті.

Осы ретте алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін ТЖД негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйіне бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт хабарлағыштарын, көміртегі тотығы датчиктерін және газ талдағыштарын орнату жұмыстары жалғастырылатын болады. Адамдарды «пассивті» қорғау жүйелерін енгізу өртті ерте анықтауға, адамдарды хабардар етуге және тиісінше қауіпті аймақтан уақтылы шығуға ықпал етеді, – деді ол.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, датчиктердің іске қосылуы нәтижесінде соңғы екі жылда жалпы алғанда 11 баласы бар екі көпбалалы отбасы құтқарылған.

Еске салсақ, мамандар әрбір екінші өрт неден болатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы