ТЖД-да әрбір екінші өрт неден болатыны айтылды

10 Тамыз 2023, 11:18
706
Бөлісу:
ТЖД-да әрбір екінші өрт неден болатыны айтылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Өрттің көбі азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандарда болып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы жылыту маусымында тұрмыстағы өрттің алдын алу туралы баспасөз конференциясында өрт жеке тұрғын үй секторында жиі болатынын айтты.

Тұрғын үй секторында – 161, көлік құралдарында – 136, жаңадан салынып жатқан объектілерде 21 өрт жағдайы тіркелді. Бұл барлық тіркелген өрттің 80%-ын құрайды, – деді ол.

Басқарма бастығы өрттің көбеюі маусымдық сипатта айқын көрінетінін және өрттің шыңы қыс айларында аязға байланысты болатынын айтты. Сондай-ақ өртті талдау нәтижесімен бөлісті.

Өртті талдау нәтижесі әрбір екінші өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты, әрбір үшінші және төртінші өрт-пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына және отпен абайсыз жұмыс істеуге байланысты болатынын көрсетті, – деді ол.

Осыған байланысты алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында ТЖД 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қала аумағында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Негізгі мақсат – тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат, кеңес беру.

Өзгелердің жаңалығы