Саяси партиялардың мәслихат сайлауына қанша кандидаттан ұсынғаны белгілі болды

11 Желтоқсан 2020, 15:34
1419
Бөлісу:
Саяси партиялардың мәслихат сайлауына қанша кандидаттан ұсынғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты. 

Nur Otan партиясы мен ADAL саяси партиясы өңірлердегі барлық 216 мәслихатқа сайлау округтері бойынша тізімдерді ұсынды. «Ақ жол» демократиялық партиясы 175 тізім ұсынды. Ол барлық өңірдегі округтің 81 пайызын құрады. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 159 тізім немесе барлық өңірдің 73,6 пайызын қамтыды. «Қазақстан халық партиясы» 74 тізім ұсынды немесе округтердің 34,3 пайызын қамтыды, - деді Дауылбаев. 

ОСК мүшесі атап өткендей, 17 округ бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың және Нұр-Сұлтан мәслихаттарына 75 тізім, 1392 кандидат ұсынылды. Бәсекелестік 4,4 пайызды құрады. 

7 өңірде барлық 5 партияның тізімі ұсынылды. Оның ішінде 4 партия барлық 17 мәслихатқа тізім ұсынды. Nur Otan партиясы – 1031 кандидат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 98, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 151 кандидат, ADAL саяси партиясы – 72 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» - 40 кандидат, - деді ол.
36 округ бойынша облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына 134 тізім ұсынылды (1415 кандидат).
Аудандық мәслихаттардың 163 округі бойынша 631 тізім ұсынылды (5527 кандидат).
Өзгелердің жаңалығы