Саясаттанушы: үкіметтің халық қалаулылары алдындағы жауапкершілігі артады

26 Сәуір 2022, 13:23
2130
Бөлісу:
Саясаттанушы: үкіметтің халық қалаулылары алдындағы жауапкершілігі артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді саясаттанушы Бауыржан Серікбаев айтты.

Парламент Мәжілісінің 70% партиялық тізіммен, 30% өзін-өзі ұсыну бойынша сайлануы, партиялардың Парламентке өту шегінің 5%-ке төмендетілуі оң бастамалардың бірі. Осы арқылы алдағы уақытта жаңа саяси партиялардың құрылып, Мәжіліске келуіне алғышарттар жасалды, - деді сарапшы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Мәжілістің ролі күшейтіліп, үкіметтің халық қалаулылары алдындағы жауапкершілігі артады.

Конституциялық сот іске қосылып, адам құқықтары жөніндегі өкілдің құзіреттері де Конституцияда орын алды. Мұның бәрі еліміздің демократиялық процестерді сатылап, прагматикалық жолмен іске асыратынының бір көрінісі. Жаңа облыстардың құрылуы еліміздегі Семей, Жезқазған сынды қалалардың көркейуіне, дамуына жағдай жасалады. Мұның бәрі оң өзгерістердің белгісі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы