Саясаттанушы Президент Ауғанстан проблемасын неге көтергенін айтты 

16 Мамыр 2022, 20:39
2189
Бөлісу:
Саясаттанушы Президент Ауғанстан проблемасын неге көтергенін айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Самат Нұртаза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысуы және онда айтылған мәселелерге қатысты пікір білдірді.

Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен мерейтойлық басқосуы, сондай-ақ геосаяси кеңістікте алып-қашпа әңгімелер бар. Украина, Сирия және Ауғанстан деген сияқты. Президентіміздің Ауғанстан проблемасына акцент қоюы – Орталық Азия аймағындағы мәселеге назар аударуы,- дейді Нұртаза.

Оның айтуынша, бізге Ауғанстандағы жағдайдың тыныштығы Мен тұрақтылығы керек.

Ауғанстандағы жағдай шиеленіссе, ол Өзбекстанға, Тәжікстан, Қырғызстаннан бізге де келуі мүмкін. Сондықтан Президент ҰҚШҰ аренасын пайдаланып Армения, Беларусь сынды елдерді Ауғанстан проблемасын ұмытпауға шақырды. ҰШҚҰ мүшесі болғаннан кейін біз қаңтар айында бітімгерлік әскерді шақырдық. Президент ҰҚШҰ әскеріне ризашылығын айтты. Бұл – біздің тарихымыз, - деді ол.

Самат Нұртаза болашақта ҰҚШҰ-ның құрамы әлі де кеңейетініне сенеді.

Президентіміз дипломат, Қазақстан елінің, жерінің мүддесін қорғайды. Мәскеуде болған кезлесуді суреттерден бақылап отырдық. Өз басым нәтижелі болды деп ойлаймын,- деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы