Сауд Арабиясына әйелдерге жалғыз келуге рұқсат берілді

29 Қыркүйек 2019, 12:48
1653
Бөлісу:
Сауд Арабиясына әйелдерге жалғыз келуге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі шетелдіктердің кіру тәртібін өзгертті, деп хабарлады korrespondent.net.

Енді әйелдер абая (ұзын кең көйлек) киюге де міндетті емес, тек ашық көйлек кимеу керек. Иықтан тізеге дейін түсу міндет. Жағалауда да осындай киім кию керек. 
Сонымен қатар, шетелдік әйелдер жанында ер адам болмаса да елге кіре алады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

Ел билігі виза беретін елдердің тізімін де көбейтеді. Виза Сауд Арабиясының дипломатиялық өкілдіктерінің онлайн ресурсында және елге келгенде қолжетімді. Медициналық сақтандырумен қосқандағы бағасы - 120 доллар.
Өзгелердің жаңалығы