Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды

21 Қаңтар 2022, 13:49
2269
Бөлісу:
Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында белсенді жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда еңбекқор шаруалар қырыққабат көшеттерін отырғызу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде бірнеше шаруа қатысып, қызу жұмыстар жүруде.

Егінді ерте бастағандардың бірі - Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі «Алмас» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда шаруа қожалықтың төрағасы Алмас Алимқожаевтың еншісіндегі жерге қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Диқандар қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім 2 ай көлемінде піседі. Ерте пісетін өнім түріне сұраныс көп болғандықтан шаруалар осы түсімге ерекше үміт артып отыр, - делінген ақпаратта.

Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды

2021 жылы Сарыағаш ауданында 69700 гектар егістік жер игерілді. Оның ішінде: 30091 га бидай, 7600 га арпа, 5000 га дәндік жүгері, 500 га бұршақты дақыл, 1809 га майлы дақыл, 1200 га бақша, 4000 га картоп, 10500 га көкөніс және 9000 га мал азықтық дақылдары өсірілді.

Егілген егістік жерден 46826 тн астық пен дәнді дақылдар, 850 тн бұршақты дақылдар, 2020 тн майлы дақылдар, 26675 тн бақша өнімдері, 92000 тн картоп және 310151 тн көкөніс өнімдері алынды.

 

Өзгелердің жаңалығы