«Сары мысық» «Оскарға» ұсынылды

11 Қараша 2021, 14:25
1483
Бөлісу:
«Сары мысық» «Оскарға» ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскар» киножүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» санатына ұсынылды.

Бұл сыйлықты жыл сайын американдық Кино Академия ұйымдастырады және бұл әлемдегі кино саласындағы ең беделді сыйлықтардың бірі.

Картина Short Brothers (Қазақстан), "Қазақфильм" (Қазақстан) және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен Zerde FILMS (Қазақстан) компаниясымен түсірілген. Бас продюсерлер Әсел Сәдуақасова, Қанат Битеміров және Ербол Тойбаев.

«Сары мысық» - Ержановтың 9-шы толықметражды көркем фильмі. Картинаның әлемдік премьерасы былтырғы жылы 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасында өтті. Кейінірек туынды бірқатар фестивальдерге қатысып, көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде Верона (Италия) және Брюгге (Бельгия) фестивальдарында "Үздік фильм" үшін Гран-при, сонымен қатар Швецияның Стокгольм қаласындағы Hope IFF кинофестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, осы жылдың басында «Сары мысық» ресейлік «Ника» фильміне ұсынылды.

Біздің Оскар комитетінің «Сары мысық» фильмін «Оскар» сияқты беделді сыйлыққа ұсынуы – біз үшін үлкен қуаныш пен құрмет. Мен фильмнің бүкіл тобын осы жаңалықпен құттықтаймын! – дейді Әділхан Ержанов.

Фильм қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасын баяндайды - бұл қылмысқа белшесінен батқан жас жігіт Кермек пен түзу жолдан адасқан қыз Еваның махаббаты туралы, екеуінің арасындағы қиындықтар мен олардың әлемге қарсы тұруы туралы оқиға. Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов ойнаған, оны көрермен Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфиловшылар» фильмдерінен біледі. Еваның рөлін жас қазақстандық актриса Камила Нұғманова ойнап шықты, ол бұрын Нариман Төребаевтың «Грязь болшого города» және Әлішер Сүлейменовтың «Облако на крыше» фильмдерінде ойнаған. Екі актер үшін де «Сары мысық» Әділхан Ержановпен ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі. Криминалдық авторитет Жамбастың рөлін, Ержановпен бірге жұмыс істеген, оның «Атбайдың шайқасы» және «Ұлболсын» фильмдерінде ойнаған, актер Санжар Мәди сомдап шықты.

Картинаның сценарий авторлары - Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова. Продюсерлер дәстүрлі түрде режиссердің бұрыннан келе жатқан серіктестері — Серік Әбішев пен Ольга Хлашева. Ко-продюсер олардың француздық әріптесі Гийом де Сиель. Фильм операторы -Еркінбек Пытыралиев. Қоюшы-суретші — режиссердің бұрынғы серігі Ермек Өтегенов. Фильмге музыканы композиторлар Алим Заиров пен Иван Синцов жазды.

Оскар номинанттары тізімін жариялау 2022 жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді. Қазақстандық көрермен «Сары мысық» фильмін Kinopoisk стримингтік платформасында көре алады.

Өзгелердің жаңалығы