Сарбаз өлімі. Атырауда сот үкімі шықты

10 Сәуір 2023, 10:29
1653
Бөлісу:
Сарбаз өлімі. Атырауда сот үкімі шықты
Фото: ratel.kz

Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, сол жерде қайтыс болған.

Атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қылмыстық кодекстің 440-бабы (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда қаза тапқан сарбаздың туысқандары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауы қажет екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы