Сарапшы: ҰҚШҰ-да Мемлекет басшысы ірі мәселені көрсетті

16 Мамыр 2022, 20:29
1982
Бөлісу:
Сарапшы: ҰҚШҰ-да Мемлекет басшысы ірі мәселені көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауғанстандағы жағдайды ҰҚШҰ елдері бірлесе шешуі керек. Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Аян Сакошев айтты.

Бүгін Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның мерейтойлық отырысына қатысты. Мұның өзіндік мәні бар. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда әлемде орын алып отырған әртүрлі  халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жағдайларға байланысты бұл ұйымның  сессияларына баса көңіл аударылуда. Ол тек қана Орталық Азия үшін емес , барлық Дүниежүзілік қауымдастық та бүгінгі сессиядан тыс қалған жоқ. Өйткені қауіпсіздік шарт ұйымы ең алдымен әскер ұйым. Ұйымның негізгі мақсатын қарайтын болсаңыздар, ол мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, -деді  Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы.

Сарапшының айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс ҰҚШҰ шартына сәйкес келмейді.

Ұйым сессиясында басқа да маңызды мәселелер қаралды. Оның ішінде бүгін Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы аса ірі мәселелердің бірін көрсеткен болатын. Ауғанстандағы жағдай біздің қауіпсіздігіміз үшін және оңтүстіктегі көрші елдер Өзбекстан, Қырғызстан елдері үшін де  аса маңызды. Себебі қазір Ауғанстанның әскери құрамы жағын, АҚШ-пен соғыстан кейінгі қалған техникалары және басқа да факторларды айтар болсақ, бізге сын-қатерлер тудыруы мүмкін. Сол себепті ҰҚШҰ жеке мемлекеттердің егемендігін сақтау мақсатында бірлесіп шешкені жөн деп санаймыз. Бұл бір елдің шаруасы емес, -деді Аян Сакошев.


Еске салайық, бүгін ҰҚШҰ-ның Мәскеуде өткен мерейтойлық самитінде Мемлекет басшысы халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз есірткі және қару-жарақ айналымына, көші-қонға, соның ішінде Ауғанстандағы ахуалдың өршуіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударған болатын.

 Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ осы елдің аумағындағы қарулы топтардың белсенді әрекеті мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. ҰҚШҰ барлық ықтимал қауіп-қатерлерді ескеріп, Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керек деп есептеймін, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы