Сарапшы үкіметтің жаңа құрамы туралы айтты

25 Наурыз 2023, 13:24
1049
Бөлісу:
Сарапшы үкіметтің жаңа құрамы туралы айтты
Фото: Қазбек Майгельдиновтың Facebook парақшасынан алынды

Жаңа үкіметтің құрамы туралы айту ерте. Бұл пікірді сарапшы, саясаттанушы Қазбек Магельдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы қоғамдағы саяси сауаттылық ең әуелі заң нормаларын білу, одан кейін ресми ақпаратқа сүйенуден басталу керек. Әрине ол ақпараттың дер кезінде шығуы бір бөлек әңгіме. Десек те, соңғы тарап жатқан мәліметтер жаңа үкіметтің түрлі құрамын ұсынуда, – деді Майгельдинов.

Ол заң бойынша жаңа үкімет жаңа Мәжілістің құрамы жасақталғаннан кейін құралатынын атап өтті.

Сондықтан, сараптамалық болжам жасау бір бөлек, ал нақты айту әлі ертерек. Ол күн де алыс емес. Мемлекеттік аппараттың жаңаруын алдағы уақытта көріп, талдау жасармыз, – деді сарапшы Facebook-тегі жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы